АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ! ОЛАР КІМДЕР?
Алла Елшісі ﷺ былай деген:
🍃 «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп және оны үйреткендерің» (Бұхари)
🍃 «Араларыңдағы ең жақсыларың – мінезі көркем болғандарың». (Бұхари)
🍃 «Сендердің ең жақсыларың - қарызды көркем түрде қайтарғандарың» (Бұхари)
🍃 «Сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе және қыздарыңа жақсы қарайтындарың». (Байхақи)
🍃 «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны». (Табарани)
🍃 «Иманы кәміл мұсылмандар - ең көркем мінезділері, ал сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы болғандарың» (Тирмизи)
🍃 «Сендердің ең жақсыларың – мұқтажды тамақтандыратындарың әрі сәлем бергенде жауап беретіндерің» (Сахих әл-Жами')
🍃 «Адамдардың ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны» (Тирмизи)
🍃 «Адамдардың ең жақсысы - ұзақ өмір сүріп, сол уақытын жақсылық жасауға арнағаны» (Сахих әл-Жами')
🍃 Достардың ішіндегі ең жақсысы - өз жолдасына қарайласып тұратыны, ал Алла алдында ең жақсы көрші - өз көршісімен тату болғаны. (Сахих Адаб Муфрад, 84)
🍃 "Сендердің ең жақсыларың - жүрегі таза болғандарың және тілі шындықты айтатындарың. Саxабалар: "Тілі шындықты айтатын адамның жайы түсінікті, ал жүрегі таза адам қандай болады?" - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): "Ондай жүрек күнә, көреалмаушылық, қызғаныш пен жек көрушіліктен ада, таза болады. Бұл Құдайдан қорқатын жүректің иесіне тән қасиет", - деген. (Сахих әл-Жами')
______________________________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #ЕңЖақсы #жақсыадам #xадис