🙂 Кішіпейіл болу.
⠀
🤗 Кішіпейілділік – пендеге Раббысы тарапынан берілетін ерекше мінез-құлық. Кішіпейілділік – пайғамбарлар мен күллі мұқаррабиндер, әулиелерден мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам – жер бетінде Раббысынан қорқып, одан ұялып, әрдайым өзін көріп тұр деген оймен ұлыққа да, кішікке де бірдей қарым-қатынас жасайтын жан. Алла Тағала былай дейді:
⠀
📖 «Рахманның құлдары жер бетінде сыпайы түрде жүреді...» (Фурқан сүресі, 63-аят).
⠀
📚 Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім кішіпейілділік көрсетсе, Алла оның мәртебесін өсіреді. Ал, кімде-кім көкірек қақса, Алла Тағала оны мұрнымен жер сүздіреді»,– деген (Имам Ахмад ибн Ханбал, Муснад). Бұл аяттың астары мен хадисте мүміндерге тән кішіпейілділік жатыр әрі өркөкіректіктен алшақтауды тиіс етіп тұр.
⠀
Бұл тәкаппарлық – ақыры жақсылыққа апармайтын жүрек дерт-терінің бірі. Себебі, Алла Тағала Құранда:
⠀
📖 «Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені, сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жеккөрінішті жаман қылықтар саналады» («Исра» сүресі. 37,38-аяттар) деп, бұл мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірсе, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
⠀
📚 «Кімде-кімнің жүрегінде тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа кірмейді» (Муслим, Ахмад риуаяты) деп, тәкаппарлықтың дінімізде кісіні тозаққа лайық ететін қатерлі рухани ауру екенін баяндап берді.
⠀
📲 muftyat.kz - ҚМДБ
#мұсылманбейнесі