📖🤲 Қабір басында Құран оқып, дұға бағыштау жайлы төрт мәзһаб ғалымдары да бірауыздан мақұлдаған.
📚 Мағқил бин Ясар (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Бақара» сүресі – Құранның шыңы, оның әрбір аятын сексен періште алып түскен, ал «Аятул курси» аршының астынан алынып «Бақара» сүресіне қосылған, «Ясин» сүресі – Құранның жүрегі. Кісі бұл сүрені Алланы және ақыретті қалап оқыса, оның күнәсі кешіріледі, («Ясинді») араларыңнан қайтқан марқұмға оқыңдар1», – деген сөзін риуаят етеді.
🔷️ Имам Ахмедтен келтірілген тағы бір риуаятта: «Егер зиратқа кірсеңдер, «Аятул курсиді» үш рет және «Қул һуа Аллоһу Ахадты» оқыңдар, сосын: «Аллам, бұл сүренің сауабы зират марқұмдарына»,– деп айтыңдар»,2– делінген.
⏳ Абдурахман бин Ғала әкесінен баян етеді, ол кісі өз балаларына: «Егер мені қабірге алып барсаңдар, лахадқа қойып: «Бисмиллаһ, ғала суннати расулиллаһ»,– деп топырақ тастаңдар. Бас жағыма «Бақараның» алғашқы аяттары мен соңғы аяттарын оқыңдар. Мен Ибн Омардың (р.а.) осы амалды жақсы көретіндігін көрдім3», – дейді.
1Ахмед, Әбу Дауд, Ибн Мажа, Ибн Хиббан, Хаким
2 Исғаф 24, әл-Муғни 3/518
3 Таһзиб әл-Камал 22/537
📲 muftyat.kz - ҚМДБ
🔍 #сұрақжауап