☪ Пайғамбарымыздың сүйікті жануары мысық болғаны баршаға аян. Себебі, жануарлардың ішінде тек мысықтың ғана мешітке кіруіне рұқсат берілген.
⠀
📚 Мысық жайлы Пайғамбарымыз: «Мысық лас жануар емес. Ол сендерді үнемі айналып жүретін жануар» – деген (Әбу Дәуіт, таһара, 38; Тирмизи, таһара 69).
⠀
🐈 Мысық – дәрет алып, таза жүретін үй жануары. Содан болар оны тек пайғамбарымыз ғана емес, пайғамбарлардың бәрі де жақсы көрген екен.
⠀
🐱 Бірде Пайғамбарымыз орнынан тұрайын десе, киімінің шетінде ұйықтап жатқан мысықты көреді. Алла елшісінің мейірімділігінің шексіздігі соншалық, мысықты ұйқысынан оятпайын деп, шапанының етегін қиып, орнынан тұрған екен.
⠀
☪ Пайғамбарымыз ﷺ «Жер жүзіндегі мақұлықтарға жаны ашымаған адамға көк аспандағылардың да жаны ашымайды, рақымшылық жасамағанға рақымшылық жасалмайды» деп өсиет еткен. Сол себепті мұсылмандар мысық бағуды сүннет амалға жатқызады.
⠀
⏳ Мұндай аңыз Нұх (ғ.с) пайғамбарға қатысты да айтылады. Жер-жаһанды топан су басқанда Нұхтың кемесіне барлық жан-жануар жұп-жұбымен кіреді. Барлық тіршілік иелері кемені паналап, жүзіп келе жатады. Сол сәтте тышқан көбейіп, кеменің түбін кеміре бастайды. Кеме тесілсе, барлығы суға батып кетер еді. Осы кезде мысық көмекке келіп, тышқан аулап, бүкіл адамзат баласын және жан-жануарларды ажалдан арашалап қалған деседі. Содан бері мысық барлық пайғамбардың сүйікті жануарына айналған екен.
⠀
🐱 Абдуррахман ибн Сахр атты сахаба көшеде қалған мысықтарды үйіне апарып, тамақ беріп, күтіп бағады екен. Бір күні сол әдетімен бір марғау тауып алып, киімінің ішіне жасырып келе жатады. Сол-ақ екен алдынан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шыға келеді. Алла елшісі одан: «Киіміңнің астына не жасырдың?» деп сұрайды. Ол амалсыздан мысықтың марғауын көрсетеді. Сонда пайғамбарымыз әлгі сахабаға: «Ұялма, мақтан! Сен мысықтардың атасысың» деген екен. Содан бастап ол сахабаның есімі «мысықтардың атасы», яғни Әбу Хурайра аталып кеткен.
⠀
muftyat.kz - ҚМДБ
🔍 #меніңпайғамбарым
