🌱⛏ Бір күні Айбол әкесімен бірге бақ ішінде шөп орып жүрген-ді. Әкесі: ⠀ – Балам, бір шыны суық су әкеліп берші, - деді. Айбол су әкеліп берді де, әкесінің қасына отыра кетті. ⠀ 🕌 Әкесі суды ішіп жатқан кезде мешіттің мұнарасынан азанның дауысы естіле бастады. Әкесі баласына бұрылып: ⠀ – Рақмет, Айбол! Сен өзіңе айтқан тапсырманы орындадың. Маған су әкеліп, шөлімді қандырдың. Енді Алла Тағаланың не деп тапсырма беріп жатқанын естіген боларсың, - деді. Айбол әкесіне таңырқап қарады да: ⠀ – Әке, сонда Алла Тағала бізден қандай тапсырма орындағанымызды қалайды? – деп сұрады. – Иә, балам. Алла бізден бір нәрсені орындауымызды қалайды. – Әке, бірақ қандай тапсырма екенін түсінбедім. – Бірақ сен азанды естіп тұрсың ғой! – Иә, әрине естіп тұрмын. – Ендеше балам, есіңде сақта, Алла Тағала бізге әртүрлі жолдар арқылы ескерту жасайды. Мәселен осы шақырылып жатқан азан сөздері бізді, яғни, мұсылмандарды намазға шақыруда. Сондықтан әр шақырған сайын біз Алланың тапсырмасын орындауымыз қажет, - деді әкесі. ⠀ 📲 muftyat.kz - ҚМДБ 🔍 #ғибратнама