Ирактағы мұсылман әйелдің күйеуінен кейін, ол үш баласымен жесір қалады. Ол жұмыс іздеп қанша есікті қақса да жұмыс таба алмайды. Бір күні ол намыс, ұят дегенді балалары үшін жиып қойып, көшедегі бөтен адамдардан көмек сұрап көрмек болады. Рөлдегі Хасан есімді жүргізушіге жақын келген әйел: «Алла разылығы үшін көмектесіңізші. Өз басым ғана болса бұлай арымды таптағанша аштан өлуге дайын едім. Бірақ балаларымның аштықтан жылаған көз жасына шыдай алмадым. Балаларым үшін көмек қолын созыңызшы».